+7 (727) 312 00 02

AСК жылдам өрістетуге арналған ауыспалы спутниктік кешені

Мобильдік бөлімшелердің байланысын оперативті ұйымдастыру үшін автономдық, портативтық серіктік кешен. Ең қиын жағдайларда кез келген өрістету нүктесінен мәліметтерді беруді, бейнетрансляцияны және телефон байланысын қамтамасыз етеді.

 

Кешен шұғыл жауап беру қызметтері, бөлек әскери бөлімшелермен, ұйымдармен, төтенше жағдайлардан кейінгі салдарды жоюдағы мүдделілермен, сонымен қатар мұнай, бұрғылау бригадаларымен және т.б. пайдаланылуы  мүмкін.

 

Кешеннің негізгі компоненттері соққыға шыдамды, щаң ылғалдан қорғағыш корпустағы компактілі ауыспалы серіктік терминал  (VSAT), бөлшектенетін жоғары берікті серіктік антенна және қосымша жабдық болып табылады.

Кешеннің құрылымдық шешімі санаулы минуттарда қосымша аспаптарды пайдаланбастан бір адам күшімен жинауды жүзеге асыруға және қоршаған ортаның температурасы  -40 тан +60  дейінгі градус Цельсия температурасында орналасқан нүктесінен байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

 

АСК келесілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді:

 

  • телефон байланысы – корпоративтік телефон желісі абоненттерімен және сонымен қатар жалпы қолданушы желісі арқылы қоңырауларды жүзеге асыру мүмкіндігімен;
  • IP хаттамасы бойынша мәліметтерді жіберу – корпоративтік желі және сонымен қатар Интернетке шығу мүмкіндігімен;
  • Серіктік арна арқылы бейнесигналды жіберу – сымды бейнекамерамен немесе терминалға қосылған бейнебақылау камерасымен;
  • Сымсыз бейнекамерамен бейнесигналды қабылдау және серіктік арна арқылы оның қайта трансляциялануы;
  • Серіктік арнадан құрастырылған және/немесе сыртқы дисплейдегі суретпен бейнесигналды қабылдау;
  • WiFi сымсыз  желісін ұйымдастыру.

 

АСК модификациясы:

 

  1. АСК-100;
  2. АСК-150 (eaStar);
  3. АСК-200 М/К.

 

Кешендер ASTEL мамандарымен өңделген және жасалған.

 

Тапсырыс берушімен кешендердің қалыптасу мүмкіндігі.